Қосқан үлесі қомақты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қосқан үлесі қомақты

Шымкент қаласында жалпы білім беретін орта мектептер саны 172-ні құрайды.  Биылғы оқу жылын 172 мектепте 222 037 оқушы аяқтады. Мектеп бітіруші түлектер саны - 8 885. «Алтын белгі» иегерлері – 510, «Үздік аттестат» иегерлері – 356 болып отыр. Биылғы түлектер мектеп қабырғасында алған білімдерін сарапа салатын уақыт та таяу. Ата-аналар он бір жыл бойы балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына алғыстарын жаудыруда. Тек біліммен ғана емес, тәрбиемен де сусындатқан ұстаздардың еңбегі өлшеусіз екені аян. Биылғы жылы мектеп бітірушілер арасында қиын балалар жоқтың қасы. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда көптеген оңды істердің нәтижесі оң болып отыр. Оған мектеп қабырғасында жүргізілгенген үгіт насихат жұмыстарының қосқан үлесі қомақты болғаны сөзсіз.