Ұлттық дәстүріміздің ұясы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ұлттық дәстүріміздің ұясы

Шымкентте Shymkent_Fest онлайн өнер фестивалі бастау алды. Байқаудың мақсаты: Бірлік пен береке бастауы, саналатын Шымкент қаласының бүгіні мен болашағын өнер арқауына айналдыру. Дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану. Байқаудың шарты: Фестиваль 6 (алты) бағыт бойынша өтеді: « 2200 жылдық шежірелі Шымкент» (Республикалық онлайн ақындар айтысы). «Ғажайып қала - Шымкент»(жазба ақындар арасында онлайн мүшайра). Ертегі қала - Шымкент» (фотографтар арасындағы онлайн байқау). «Балалар көзімен - Шымкент» (жас суретшілер арасындағы сайыс). «Қайырымды қала - Шымкент» (оқырмандар арасындағы онлайн оқу). «Туған күніңмен, Шымкент!» (ТМД өнерпаздарының құттықтаулары). Мұндай шараларды өткізу ұлттық құндылық, яғни, отбасы құндылығын арттыру, туған қаласына деген құрметін арттыруға қосар үлесі қомақты. Қызықты байқауға қатысушылардың қарасы қалың болады деген үміт басым.