Отбасы – қымбат ұғым

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы – қымбат ұғым

Отбасы – адамның туған ошағы, кім-кімге болса да қымбат ұғым. Отбасы – ғасырлар бойы қалыптасқан, адам баласының ең алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет мір туралы ойлаған ұғымы. Сондықтанда отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Гендерлік әлеуметтендіру әлеуметтік мәселелердің ішінде ең аз зерттелген, қоғамның жалпы әлеуметтік мәдени ұдайы жетілуінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтанда индивидттің ең алғашқы әлеуметтендіруші ортасы ретінде отбасы негізгі институт ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі отбасы – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүріп жатқан бірден-бір динамикалық топ, яғни отбасы арқылы бір жағынан гендерлік таптаурындардың сабақтастығы мен жыныстар арасындағы қарым-қатынастардың сақталуы, екінші жағынан отбасы жұбайлар сана-сезімінде көрініс тапқан құндылық бағыттар, қажеттіліктер, өмірлік жоспарлар, жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты барлық жаңашылдықтың бастауы болып табылады. Дәл осындай отбасында ер адамдар мен әйелдердің орны мен рөлдері туралы жаңа түсініктер қалыптасады, жыныстық мораль (өнеге) өзгереді, жыныстық- сәйкестік пен жыныстық субмәдени дифференциацияның тасмалдануы жүзеге асады.