Үздіктер анықталды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Үздіктер анықталды

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы бойынша өңірлік комиссияның отырысы үстіміздегі жылдың 4 маусымында қашықтық форматында өткізілді. Еліміздегі үздіктердің үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Шымкент қаласындағы 36 мемлекеттік қызметші қатысуға ниет білдіріп, іріктеу барысында өңірлік комиссия үміткерлердің «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы жазған эсселері мен кейстік тапсырманың орындалуы бағалады. Нәтижесінде, өңірлік комиссия қорытындысымен ең жоғары балл жинаған 3 кандидат: Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Дауренбеков Димаш Дауренбекович, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің персоналды басқару бас маманы Байбулова Шолпан Ерназаровна және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек. Мемлекеттік қызметшілердің ішінде үздіктер қатарында нәзікжандылар көп. Бұл да болса гендерлің саясаттың жемісі. Олардың биіктерден көрінері анық. Финалисттер «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсына жолдама алып, Шымкент қаласының намысын қорғауға мүмкіндік алды.