Қолдау орталықтарының көмегі көп
Отбасы құндылықтарын дәріптеу бүгінгі күннің басты талабы. Жоғары сот бастамасымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен отбасы соттары жанында «Бақытты отбасы» атты ресурстық қолдау орталықтары ашылған болатын. Жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Өскемен, Шымкент, Тараз, Петропавл және Қостанай сияқты еліміздің 8 қаласында 12 орталық пен 4 кабинет жұмыс істеді. Онда психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен медиаторлар отбасын құру мен ажырасуға жол бермеу бағытында кеңестер берген болатын. «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасының сарапшысы Эльвира Ватлина атап өткендей, ресурсты орталықтарға өтініш берген 2030 отбасы мүшелерінің 774-і татуласуға дайын екендіктерін білдірген. Ал қанатқақты жоба жүзеге асқан мерзімде ажырасуға өтініш бергендердің 20-30 пайызы татуласуға келісім беріп, 25 пайызы ажырасудан бас тартқан. Ажырасу шағымдары бұрын соттарда қаралғанмен, оның себеп-салдары көп жағдайда ескеріле бермейтін. Қазіргі кезде кәсіби мамандар өзара ықпалдастық, меморандумдар аясында жұмыс істеп жатса, алдағы уақытта білікті мамандар штатын құруға әкімдіктер атсалысуы қажет, дейді мамандар.
Қолдау орталықтарының көмегі көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode