Отбасы бақытын сақтау үшін...
Көп балалы аналар бірлестігінің басшысы Б.Ордабаева отбасылық өмірге ер баланы да, қызды да дайындау жауапкершілігі мол жұмыс дейді. «Ер баланы тәрбиеесең, елді тәрбиелейсің, қыз баланы тәрбиелесең ұлтты тәрбиелейсің» дегендей бүгінде тәрбие мәселесіне басымдық берілмек. Балаға тиісті білім беру, еліне лайықты азамат етіп тәрбиелеу әрбір отбасының жауапты міндеті десек, бүгінде демографиялық көрсеткіші жоғары қазақы өңірде ажырасу көрсеткіштерін азайту мәселесі қаралуда. Шымкент қаласында бүгінде отбасын сақтап қалуға ықпал ететін орталықтар баршылық. «Бақытты отбасы» ресурстық орталықтарының арқасында ажырасудан бас тартып, отбасына оралып жатқандар қатары көбеюде. Ал ресурсты орталықтың белсенді жұмысының нәтижесінде ажырасу райынан қайтып, татуласып жатқан отбасылар бар екені қуантады. Аймақ мамандарын жас отбасылардың жауапкершілікті сезінбеуі, ал ересектердің өмірлік мәселелерді қабылдауда жеңілтектікке салынатыны алаңдатып отыр. Осы қысқа мерзім ішінде жүзеге асқан қанатқақты жоба көптеген отбасылардың қайта табысуына ықпал етті. Тұрмыс тауқыметінің тасасында қалған отбасы құндылықтарын дәріптеуде, отбасы мүшелерінің жауапкершілігін түсіндіруде қоғамдық ұйымдар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіби мамандардың кеңесіне зәру болып отырған шалғайдағы ауылдарға да шығу жағы қарастырылмақ.
Отбасы бақытын сақтау үшін...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode