Бағдарламаның берері көп

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бағдарламаның берері көп

 

Қыз-келіншектеріміз қоғамның қай-қай саласында да еңбек етіп жүр. Соңғы жылдары бизнестегі үлестері артып келеді.  Өткен жылы өзін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған әйелдер 31 мыңнан асқан. Бұл бұрнағы жылға қарағанда 5 пайызға көп. Ал үйінде шағын шеберхана ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған келіншектердің қатары 555 мыңға жеткен. Алдыңғы жылы ауылдағы кәсіпкер келіншектер көбейсе, былтыр қалалық бұрымдылар алдыңғы қатарға шығыпты. Нәзікжандылар көбіне қызмет көрсету салаларын таңдайды. Яғни, сән салондары саласында тер төгіп жүргендер көп. Ал тәтті бизнесте де сәтті қадам жасап жатқандары да баршылық. Бүгінде Шымкент қаласында бизнестің биігін бағындырған ханымдар қатары артып келеді. Көбіне әлеуметтік желі арқылы жарнамасын жасап отырған ханымдар бүгінде тапсырыс артып келе жатқанын айтады. Қазірдің өзінде бастау бизнес бағдарламасы арқылы 10 маусымнан бастап грантқа құжаттар қабылдау басталады. Демек кәсіпкерлік саласында нәсібін термекті жөн деп тапқан нәзікжандылардың қатары бұдан да артады деген сөз. Гендерлік саясаттың нәтижесі демек.