Гендерлік теңдік отбасынан басталады
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда. Еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Онда Мыңжылдық Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын. Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ПҚБА институтында қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарында «Оқу-тәрбие үдерісін гендерлік амалдың негізінде ұйымдастыру» тақырыбында дәрістер өтіледі. Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын. Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық салт-дәстүрлерімізді қолдана отырып, гендерлік теңдіктің мақсат, міндеттерін түсіндіру.Бұл жоспар 12 басымдылықты 105нақты бағдарламалар мен іс- шараларды қамтиды.
- Әйелдерді елдік, қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысу.
- Әйелдерді экономиялық тұрғыдан ілгерілету.
- Әйелдердің денсаулығын жақсарту.
- Білім жүйесіне тиісті бағдарламалар енгізу арқылы балалар мен жастарды зорлық жасамайтын мінез- құлыққа оқып-үйретуді көздейді.
Халық даналығы былай дейді: «Ұл тәрбиелей отырып халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз». Қазақ —ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін теңтіретпеген халық. Гендерлік теңдік мәселесін біздің ата-бабаларымыз бұрыннан –ақ қолға алып, шеше білген.Әйелдердің рөлін дұрыс жолға қоя білген.Тәрбиенің басты бағыты–әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз туған жерінің азаматы, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте сақтай отырып,ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы–елдің жарқын болашағының кепілі екенін, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре білу және тәрбиені бүгінгі күн талабымен байланыстыру, гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып әлеуметтік рөлдерді орындау,отбасында өмір сүруге деген ұмтылыстарын қалыптастыру.
«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы аға оқытушысы Ибраимова З.Б.
Шымкент қаласы
Гендерлік теңдік отбасынан басталады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode