Отбасылық құндылықтардарды жетілдіру жолдары қарастырылады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасылық құндылықтардарды  жетілдіру жолдары қарастырылады

Әдебиеттік оқу пәні -оқушылардың  ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Пәннің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық, отбасылық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының  «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Орынбасарова Г.О. ауыл мектептері жағдайында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу сабағын қашықтан ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері бойынша әдістемелік көмек беру мақсатында  «2-4-сыныптар үшін әдебиеттік оқу  пәні бойынша –оқылым дағдыларын дамытуға  арналған әдістер» тақырыбындағы  аудиодәрісін  жариялады. Аудиодәрісте педагогтерге ауыл мектебі  жағдайында   қашықтықтан оқыту  форматында  әдебиеттік оқу  сабағын жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттарымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай  оқылым дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын тиімді педагогикалық  әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар  балалардың өз бетінше оқу дағдыларын арттыру арқылы  шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту және  рухани-адамгершілік, отбасылық құндылықтардарын  жетілдіру жолдары қарастырылады.