Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі
Жас ұрпақты ата –аналармен бірлесе отырып имандылыққа, адамгершілікке, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарының бастауы болып табылады. Дөңгелек үстелге Түркістан облысы және Шымкент қаласы білім беру мекемелерінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында бала тәрбиесі — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті, осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы, ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс екендігі баса назарға алынуы керектігі жөніндегі мәселелер қозғалды. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру, арттыру, бала тәрбиесіндегі құқықтарын жете білу, құқықтық білімдерін толықтыру, балалар бойында құқықтық білімді дамыту мен қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту бағыттары жайлы пікірлер айтылды.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының
аға оқытушысы Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы
Шымкент қаласы
Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode