Мектептерге әдістемелік көмек берілді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ауыл мектептеріне әдістемелік көмек берілді

Ауыл мектебі  білім мен мәдениеттің ошағы іспеттес. «Ауыл мектептерін қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру — бүгінгі күннің басты мақсаты. Филиалдың  жоспарына «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Арысбаева Жарқынай Асетуллаевна «Ауыл мектептері:қашықтықтан оқыту жағдайы мен мәселелері» тақырыбында  тәжірибелік пікірлесу  алаңын өткізді. Мақсаты: мұғалімдерге білім берудегі цифрлық технологиялар шеңберінде жаңа ақпараттарды қарастыру, қашықтықтан оқытуды жоспарлау мен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша  өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Сондай-ақ, тек білім беру ғана емес, оқушыларға саналы тәрбие беру мәселесі де талқы таразысына түсті. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайы да қарастырылды. Талқылау үдерісінде бастауыш білім беру, гумманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша пәндерді оқытуда  қашықтан оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім берудегі цифрлық технологиялар, қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өзекті мәселелері бойынша  тәжірибе алмасты.«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, доцент Рахимжанова Г.К., кафедра аға оқытушылары Нурлыбаева Ж.Л., Жангабулова А.А, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Х.А. Калиева мен Р.Ә.Керімбековалар қашықтықтан оқыту жағдайында  мұғалімдерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді.Сонымен қатар Шымкент қаласы, №46 ЖОББМ мұғалімі А.Б.Калыбаева және №69 ЖОББМ мұғалімі Л.Оңалбекқызы қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы 90-нан астам педагог қамтылды.