Білімпаздар мекені
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы қаламыздағы мақтаулы білім ошақтарының бірі. Жыл сайын білімді шәкірттерін ұядан ұшыратын оқу ордасында білім алуға құмбылдар қатары көп. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде әрдайым үлгілі оқу ордасының білімгерлері құқықбұзушылықтар бойынша мүлдем жаман аты шықпаған. Бұл жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген насихат жұмыстарының жемісі деуге болады. 2020-2021 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді қабылдау жүргізуде. Балапандарыңызға білім мен тәрбиені қатар сіңіруді мақсат еткен, ел ертеңін тәрбиелеу ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын бастауыш сынып мұғалімдері Маженова Эльмира Елтайқызы, Телгозиева Гулнара Батырханқызы, Муратова Айзада Тұрлыбайқызы 1-сыныпқа оқушыларды шақырады. Олимпиада жеңімпаздары мен байқау жүлдегерлерін дайындау ісін жолға қоя білген ұстаздарымыз жас бүлдіршіндерді қабылдау үшін үлкен дайындық жүргізуде. Балаңызды еңбекқор да, кішіпейіл, білімді де өнерлі болсын десеңіз аталған мектепке шақыруда ұстаздар. Айтса айтқандай-ақ мақтаулы мектептің табалдырығын аттауға құштар білімпаз оқушылар қатары көп болатынына сенім мол.
Білімпаздар мекені
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode