Биылғы 2019-2020 оқу жылында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №74 негізгі орта мектебінде мектепте 31 жас түлек алтын ұя мектебін тəмамдап, оның ішінде екі "Үздік аттестат" иегері бар. 2019-2020 оқу жылында түлектерге Аттестат тапсыру іс шарасы Шымкент қаласының бас дәрігері А.Тулебаевтың №18 қаулысын орындай отырып, мектеп директоры Исакова Нурипа және мектеп әкімшілігі түлектерге аттестаттарын табыстады. Мектеп басшысы ата-аналарға қазіргі жағдайға байланысты түсіністік танытқаны үшін ризашылдығын білдірді.
Ата - аналар да өз тараптарынан ұстаздарға алғысын білдірді. Ата -ана Асқарбекова Ұлбала түлектерге өмір құндылығы, отбасы құндылығы мен Абай атамыздың адал еңбек пен терең ойлы адам болуына, қоғамда парасаттылықты қалыптастастыратын азамат, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтетінін және мектеп абыройын асқақтатып, білімі мен тәрбиесін жақсы көрсете біледі деп сенім артып, жас түлектерге сәттілік пен ақ жол тіледі.