Құндылықтар негізінде тәрбиелеу

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Құндылықтар негізінде тәрбиелеу

 «Девиантты мінез-құлықты мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу» такырыбындағы  мектептердің педагог-ұйымдастырушыларына, аға тәлімгерлеріне арналған біліктілік арттыру курсының екінші аптасы онлайн түрінде өтті. Онлайн түрінде өткен сабаққа курс тыңдаушылары толық 20 тыңдаушы қатысып отырды. Онлайн түрінде өткен сабақ бірнеше тақырыптарды қамтыды. Бастысы оқушылардың тәрбие мәселесіне баса мән беру, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін оқушыларға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Олар: Менеджменттің негізін қалаушы идеялары: мақсаты, ұстанымдары; Көшбасшылық; Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары; Қазақстандағы діни жағдай оның девиантты мінез-құлықты балалардың тәлім – тәрбиесіне ықпалы; PowerРoint бағдарламасында мультимедиялық презентация құру әдістемесі. com – веб-сервисінде презентация құру; Қашықтықтан оқыту технологиясы.Кәсіби желілік қауымдастықты құрудағы негізгі принциптері; Cмарт-технологиясының (планшеты, смартфоны және б.) жұмысының технологиясы; Тәлімгер қызметінің негізгі бағыттары мен оны жоспарлау. Бұл тақырыптарға презентация жасалды. Осы тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, жауаптары алынып бағаланды. Сонымен қатар курс барысында кіріс-шығыс сауалнамалары мен тесттері тапсырылып, бағаланды. Онлайн сабақтар үзінділері видео-роликке түсірілді. Онлайн сабаққа курс тыңдаушылары түгел 20 тыңдаушы қатысып отырды және әрбір сабақта сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар қойылып, жауап алынып кері байланыс орнатылды. Сабаққа өте жақсы пікірлер берілді.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы С.Назарбекова

Шымкент қаласы