Ар – ұждан сабақтары
Әлемдік білім кеңістігінде «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының баламасы жоқ. Ол балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлерінде үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Қоғамның келешегі білім беру жүйесіне тәуелді, өйткені бүгінгі балалар уақыт өте келе елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады.
Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтып кеткен. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары – ар-ұждан сабақтары болып табылады. Жастарды жат қылықтардан бойын аулақ ұстауына, тұлға болып қалыптаасуына көп септігін тигізеді.
Кез келген адам баласы дүние есігін ашқан соң есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Қазіргі біздің басты өмірлік міндетіміз — рухани жаңғыру. Рухани жаңғыру адам баласының оның ішкі əлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру» дəлел. «Екі дəуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру жəне жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Біз барша Қазақстандықтар əсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеде деп сенеміз. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы».
Институтымызда курс тыңдаушыларымен осы бағыттарды жүзеге асыруда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Болашаққа бағдар болған бағдарламаның басынан-ақ ұлттық сана жайлы сөз қозғалады. Бұл даму жолында ұлттық кодты, отбасылық құндылықты сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халық пен ұлттың дәстүрлері жаңғыру жолында бірге жаңарып, заман сынынан сүрінбей өтіп, жаңғырудың алғы шартына айналуы тиіс. Жаңғыру ұлттық-рухани тамырдан нәр алып, қоғамның дамуына ықпал етуі тиіс.
Аскарова Айжамал Турганбеккызы
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, өзін-өзі тану пәнінің тренері.
Ар – ұждан сабақтары
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode