Насихат жұмыстарын күшейту керек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Насихат жұмыстарын күшейту керек

Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды. Әлеуметтанушы Жаннұр Әлібекқызы қоғамдық дертке айналып отырған бұл кеселдің тамыры қайдан шығып жатқанына назар аударып, заң шеңберінде талапты күшейту керектігін айтады. «Ауруын жасырған өледі» демекші, бұл мәселеде талқыланатын тақырыптар көп. Себебі, бесіктен белі енді шыққан кейбір бозбалалар жауыздықтың неше түрін меңгеріп жатыр. Бұл сұраққа жауап іздесек әйтеуір кінәлінің табылары анық. Үйдегі ата-ана мектептегі ұстаздарды, ал мұғалім үй ішіндегі жағдайды немесе баланың өзін кінәлай салады. Ал шындығында қоғамдық дертке айналып отырған мәселенің тамыры қайдан шығып жатқанына, балалардың не себепті қылмыс жасағанына бас қатырып жатпайтын секілді», – дейді әлеуметтанушы. Сондықтан да жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін мектеп қабырғасынан үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажет.