Тәрбие жұмысын жандандыру керек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тәрбие жұмысын жандандыру керек

Мемлекеттің тұтқасын ұстайтын және болашағын қалыптастыратын – ол бүгінгі жастар. Сондықтан да ең бірінші отбасы тәрбиесін назарда ұстап, отбасы құндылығын арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Ол үшін Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан да, өзге басқармалар тарапынан да жастар тәрбиесіне қатысты ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласындағы  ИЧ — 167/2 түзеу мекемесінің басшысы Мырзағали Есқұлов бүгінде өзі басқарып отырған мекемеде заң алдында жауап беріп отырғандардың 60 пайызы жастар екенін қынжыла жеткізді. Сол себепті тәрбие жұмысын жандандыру керектігін айтып отыр. Тәрбиені тал бесіктен бастап, мектеп қабырғасында жетілдіре отырып, дамыту қажет деп есептейді. Ол үшін мектеп оқушылары арасында мекемеге экскурсия ұйымдастырылып тұрады. Оқушылар  оқшаулау орындарындағы жағдайды өз көздерімен көріп, жаман жолдан жиренеді. Ешуақытта да құқықбұзушылыққа бармайтынын айтады. Бұл жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға көп көмегін тигізеді. Одан бөлек, мектептерде құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысты түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оның да тигізер пайдасы а з емес.