Қолөнер шеберінен өнеге...
Шымкент қаласындағы Әдет ғұрып және Салт-дәстүр Орталығы бүгінде сан ғасырлар сорабында ұмытылып кеткен ұлттық құндылықтарымызды тірілтіп жүр. "Дәстүр дәрістері" айдары арқылы көптеген рухани құндылықтарымыздан хабардар етіп отырады. Көпті көрген апа-әжелерімізді шақырып, отбасы құндылығы туралы өнегелі де ғибратты сұхбат жүргізеді. "Дәстүр дәрістері" айдарында бүгін қазақ қолөнерінің хас шебері Симова Бибіажар Иманбекқызымен "Қолөнер - сырлы өнер" тақырыбында шеберлік онлайн сағаты өткізілді. Бибіажар апамыз қазақы оюлармен өрнектелген өз қолынан шыққан дүниелердің жасалу жолдарынан сыр шертті. Одан бөлек, өзінің анасынан құрақ құрау, сырмақ сыру деген сынды қазақтың ұлттық қолөнерін қалай үйренгенін айтып өтті. бүгінде келіндері мен немерелеріне де үйретіп жүргенін тілге тиек етті. Немересі Раяна бүгінде әжесінен көптеген дүниелер үйреніп жүргенін айтты. Бибіажар Иманбекқызы "Ене келінге, ана қызына ұлтымыздың ұлттық дүниелерін жасауды үйретсе ұтарымыз көп. Осылайша отбасылық құндылықтар да ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді" деді.
Қолөнер шеберінен өнеге...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode