Қылмысқа жол жоқ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қылмысқа жол жоқ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектептің әкімшілігі Шымкент қаласының білім басқармасының бастамасымен өткізіліп жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес челленджін әрі қарай жалғастыруда. Мектептің жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстарына, мектепке қажеті кеңсе заттарымен шаруашылық заттарын сатып алу, сонымен қатар қоштасу кештерін ұйымдастыру, мерекелік іс-шараларға және тағы басқа мақсатта ата- аналардан ақша жинауға қатаң түрде тиым салынатындығын ескертеді. Ақша жинау, сыбайлас жемқорлыққа жол беру жағдайының куәсі болған жағдайда мектептегі сенім телефонына пікір қалдыруды өтініп отыр. Жалпы қаладағы барлық мектептерде басқарманың бастамасына үн қосуда. Білім ошақтары жалпы қылмыс атаулының алдын алу мақсатында түрлі бастамаларға қолдау білдіруден шет қалған емес. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу сынды іс-шараларды да жиі өткізіп тұрады. Соның арқасында дәл осыған байланысты қылмыс атаулыдан жастар бойын аулақ ұстайды.