"Жаз мезгілінде кітап оқу" шарасы ұйымдастырылуда

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

"Жаз мезгілінде кітап оқу" шарасы ұйымдастырылуда

Шымкент қаласындағы Хамит Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі балалардың жазғы демалысына қарсы түрі іс-шаралар онлайн ұйымдастыруда. Жаз мезгілінде балалар уақытын тиімді ұйымдастыруда. Мектеп оқушыларын кітап оқу мен шахмат ойынын ойнауға үндеуде. Шахмат ойынын ойнағанда бала өздігінен шешім шығарып, өтіп жатқан әртүрлі оқиғаларды логикалық тұрғыдан бағалай біледі. Қарапайым сұрақтарға да ересек адамдарша жауап беріп, саналы шешімдерге барады. "Барлығы балалар үшін" атты акция аясында ұйымдастырылған "Жаз мезгілінде кітап оқу" шарасына да қызығушылық танытып жатқан оқушылар көп. "Кітап оқу - жадыны және ойлауды дамытады. Яғни,көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап тез қорыта алады. Кітап оқу-қоршаған ортаны , дүниені және өзін тануға көмектеседі. Кітап оқу-талдауға сараптауға ,өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Кітап оқу-көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі" дейді ұстаздар. кітап оқыған баладан жаман адам шықпайды. Демек бала қылмыс атаулыдан бойын аулақ ұстайды.