Кәсібі бардың, нәсібі бар...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Кәсібі бардың, нәсібі бар...

Елімізде нәтиежелі жұмыспен қамту аясында сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша азаматтарды оқытуға ерекше назар аударуда. Қазіргі таңда, жастарымызға енбек нарығында сұранысқа ие, өз мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған мамандықтарға қол жеткізуде. Осыған орай Шымкент қаласы, Білім басқармасына қарасты №4 колледжде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша кәсіп иесі атанып жатқан бітіруші түлегіміз - Стамқұл Саят. «Саят ЖК» дәнекерлеу ісі бойынша бітіруші мамандарға жұмыс орның ашып, бастапқыда 4 адаммен жұмыс бастаған кәсібінде, қазіргі уақытта 8 адамды жұмыспен қамтиды.Саят қаламызға өз үлесін қосып,өз ісінің маманы болып, жастарға жұмыс жасауына жағдай жасап, кәсіпке баулуда. "Оқу ордасында жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Саят сынды жастар өзгеге қиянат қылмай, нанын адалдап табу қажеттігін түйсінеді" дейді оқытушылар.