Басты міндет болып табылады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Басты міндет болып табылады

Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Ендеше бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін қолға алар азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады. Осы орайда Шымкент қалалық Жол-көлік колледжінің тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, ТМ 9-182 оқу тобының топ жетекшісі Ж.Қуанышбекова «Бала құқығы» тақырыбындағы топ сағатын қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша өткізді. Ата-ананың бала алдындағы парызы мен қарызы, құқықбұзушылыққа жол бермеу, қылмыстан бойын аулақ ұстау сынды түрлі тәрбиелік мәні бар өнегелі сабақ өткізілді.