Психологиялық қолдау көрсетті
Шымкент қаласының әдістемелік орталығы "Адами әлеуетті дамытуды үйлестіру" бөлімі білім мекемелерінің педагог психологтарымен бірлесе жұмыс жасап келеді. Ұстаз біліктілігін арттыру бүгінгі күннің басты талабы екені белгілі. Білім ошақтарындағы оқушылардың мінез, құлқын, ішкі жан дүниесін жіті сүзгіден өткізіп, көмек қолын созатын психологтар заман талабынан қалмай білімдерін жетілдіріп отыру тиіс. Осы тарапта әдістемелік орталық педагог-психологтарға қол ұшын созады. Бұл өз кезегінде оқушылардың жат әдеттерден бойын аулақ салып, тура жолдан таймауына себін тигізеді. Әрі жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда да түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Толқымалы шақта тұрған жасөспірімдердің көптеген түсінбеушіліктерден, кедергілерден, мәселелерден шығуына септігін тигізетін психологтардың еңбегі орасан. Мектеп психологтарына біліктілікті арттыру мақсатында онлайн жиындар өткізілуде. Күні кеше мектеп түлектеріне психологиялық көмек көрсетудегі "ҰБТ - тапсыру кезінде психологиялық сүйемелдеу бағыттары" тақырыбында ZOOM конференция өткізді. Шәкірттерге психологиялық қолдау көрсетудің көмегі көп екені аян.
Психологиялық қолдау көрсетті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode