Іс-шаралар жыл бойы жалғасады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Іс-шаралар жыл бойы жалғасады

 

 «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акция аясында және «Бала еңбігін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ инспекторы, полиция аға лейтенанты, «Ана үйі» кризистік орталық, «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы, «Самғау сенім орталығы» өкілдерінің қатысуымен«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» және елімізде жоспарланған «Бала еңбігін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 15-18 маусым аралығында өтіп жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі баяндалды. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда да аталған шараның көмегі көп. Отырыс соңында сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.