Бос уақыттарын тиімді пайдалануда
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №3 Балалар эстетикалық саз мектебі маусым айынан бастап оқушыларды қашықтықтан оқытуды жалғастырған болатын. Қаламызда музыкаға қабілетті, дарынды жастар өте көп. Музыкалық қабілетті шыңдайтын оқуға қызығушылық танытып отырғандары көп. Ұлт аспаптар бөлімінде домбыра, қобыз басқа да ұлттық аспаптарды тартып, үйренуге құмартушылар басым. "Ұлттық аспаптарды үйренуге де қызығушылығы барлар тіптен көбейіп келеді. Оларға барынша музыкалық тұрғыда білім берудеміз. дазғы демалыс уақытында балалар бос уақыттарын осылайша тиімді пайдалануда. бір жағынан бұл өздері үшін пайдалы болса, екінші жағынан бос уақытын пайдалы дүниеге арнаған баланың қылмыс атаулыдан аулақ жүретіні тағы аян. Бұдан бөлек, мектеп ұстаздары жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын да қоса жүргізеді. Жас ұрпақтың тәрбиесі ешуақытта да назардан тыс қалмауы тиіс" дейді мектеп ұстаздары. Қазақ ұлт аспаптар бөлімі мен №24 мектептегі филиалдың мұғалімдерінің қашықтан білім беріп, оны әлеуметтік желі арқылы насихаттауда.
Бос уақыттарын тиімді пайдалануда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode