Мен - Тәуелсіздік құрдасымын!

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мен - Тәуелсіздік құрдасымын!

 

Шымкент қаласы Ішкі саясат және Дін істері басқармасының "Рухани жаңғыру" бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында онлайн-сұхбаттар ұйымдастыруды бастады. Ұлы дала елінің әр перзенті үшін қастерлі мерекесіне орай өтетін алғашқы онлайн сұхбатқа бөлімнің жоба жетекшісі Талғат Жанаділов пен №90 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқытушысы, Тәуелсіздік құрдасы Шынар Мылтықбаева шығады. Тікелей эфир Facebook желісі арқылы өтеді. Сұхбаттасатын кейіпкеріміз бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін барын салып, еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз. Тәуелсіздік құрдастары бүгінде түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Еліміздің айбынын асыратындай жетістікке жеткендері де көп. Сұхбат барысында Тәуелсіздік құрдастары қол жеткізген жетістіктерін, арман мақсаттарымен бөлісетін болады. Мектептегі оқушылар тәрбиесі, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда атқарып жатқан жұмыстарын әңгімелейтін болады.