Дәстүрді дәріптеу арқылы жас ұрпақты тәрбиелейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Дәстүрді дәріптеу арқылы жас ұрпақты тәрбиелейді

Шымкент қаласындағы Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұмытылып кеткен көне дәстүрлерімізді тірілтіп, тарих тамыршысы болып келеді. Бүгінгі таңда "Дәстүр дәрістері" атты онлайн бағдарлама жүргізілуде. Орталық мамандары аталмыш айдар арқылы әлеуметтік желі оқырмандарына көптеген танымдық-тағылдымдық дүниелер ұсынуда. Ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылығы тақырыбында өнегелі сабақтар жүргізуде. Оқырман тарапынан өткзіліп жатқан өнегелі дүниелерге толымды пікір жазушылар көп. Отбасының тұтқасы болар ертеңгі отағасы бүгінгі жастарға, отбасын ұстар өнегелі келін болуы үшін ертеңгі ана- бүгінгі жас қыздарға көптеген өсиетке тұнған өнеге тәрбиелік мәні бар сабақтар өткізуде. Қазақтың ұлттық салт дәстүрі арқылы жас ұрпақты тәрбиелесек ұтарымыз көп дейді орталық мамандары. Бүгінгі сабақ тақырыбы - Қазақтың салт-дәстүрлері бойынша өтті. Қазанға ет салғанда алдымен «бісміллә» деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше, үй иесіне немесе ағайынға береді. Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп кәрі жілікті ұстатпаған, ал ұлдарға, жігіттерге оны «сүр бойдақ боласың» деген наным бойынша ұстатпайды. Ертеңгі отанасы болар қызға, отағасы болар ұлға тәлімді тәрбие боларлық мұндай дүниелердің берері көп әрине.