Жастар әрдайым алда...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жастар әрдайым алда...

 

17 маусым 2020 жылы «Елбасы Медалі» жобасы бойынша Шымкент қаласында баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға - қалалық білім басқармасының басшысы – Тажиева Жанат Арысбекқызы, Шымкент қаласы "Дарын" орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы, жобаның серіктесі “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорының координаторы Мәлікайдар Шоқан Мұратұлы қатысты. Брифинг барысында қалалық білім басқармасының басшысы – Тажиева Жанат Арысбекқызы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ-ға қойылатын катал талаптар мен ережелерді атап өтті. Ендігі “Елбасы Медалі” бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы “Елбасы Медалі” жобасы басталғандығын, оған қатысушылар 7 бағыт бойынша: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі бойынша өзін-өзі дамыта алатындығын айтып өтті. Ауқымды жастар жобасының мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерді тәрбиелеу. Әрине, жастар арасындағы қылмыстың алдын алып, құқықбұзушылықты азайту бағытында көптеген шаралар қолға алынып жатқан шақта мұндай байқаулардың бәсі артары анық. Жастар жасан жолдан тиылып, жақсы жолды таңдары анық. Байқауға қатысатындардың жасы 14 пен 29 аралығындағы болуы бағдарламаның негізгі шартының бірі. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн-платформасына тіркеліп, ұсынылған - алтын, күміс немесе қола бағыттарын таңдау керек. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасын хабарлаған болатын.