Отбасының ұйытқысы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасының ұйытқысы

«RE FRAME» тұлғалық дамыту орталығының маманы, отбасылық психолог Қаракөз Қадырбекқызы Момбаева беделі биік маман. Кәсіби кеңес беруде тәжірибесі мол. Отбасылық психолог болғандықтан тәжірибелі маман отбасы құндылығын сақтау жолында тер төгіп жүр. Маманның жастарға айтар ақылы мол. "Қазақ отбасында анасы мен ұлының, анасы мен қыз баланың, әке мен ұл-қыздарының, қайын сіңлі мен жеңгенің, қайын әпке мен келіннің, келін мен ененің арасында арнайы жазылып бекітілмеген заңдар баршылық. Отбасылар болмыс-тіршілігіне қарай әртүрлі болады, соған сәйкес балалардың тәрбиесі де әртүрлі, отбасындағы дәстүрлер мен заңдылықтарды орындау тәртібі де әрқилы. Нағыз отбасында кез-келген сынаққа тосқауыл бола алатындай, өмірдің кез-келген қиындығына шыдай алатындай бірлік болады. Бір-бірін бағалап, өзгелерді құрметтеп, үлкендерді сыйлап, кішілерге үлгі-өнеге көрсетіп, ортақ мақсатқа бағыт алады. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ана отбасының ұйытқысы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ал, отбасында қартың болса, жазып қойған хатпен теңелер. Отбасында ата-анаға, бауырларға риясыз, адал қызмет ету – бұл отбасылық бақыт пен бірліктің негізі. Отбасында сыйластық, туысқандық болғанда ғана бірлік болады. Қазақ отбасында күйеуіңді жақсы көріп отбасын құру бақыты бір бөлек те, енеге, қайын әпкеге келін болу бақыты бір бөлек.

«Оңтүстік Рабат»