Отбасы құндылығын арттыруда нәтижесі мол
Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №75 мектепте "Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" жазғы демалыс кезіндегі балаларды жұмыспен қамту жоспары аясында 3"а" сыныбының "Біз барлық отбасымызбен байлаймыз, тігеміз, сурет саламыз және ән айтамыз" атты бейнеролигін жасап шықты. Мақсаты - демалыс күндерді тиімді дұрыс өткізу. Отбасына қамқорлық жасау. Күтілетін нәтиже: Баланың жеке басының шығармашылық қабілеттері артады. Ана мен қыз, әке мен ұл арасындағы байланыс нығаяды. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға мүмкіндігі болады. Яғни, отбасы құндылығын арттыруда қолға алынған жұмыс нәтижелі болмақ. Бейнеролик әлеуметтік желі арқылы жарияланды. Оқырман пікірі жоғары.
Отбасы құндылығын арттыруда нәтижесі мол
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode