Білікті ұстаз- тәрбиелі оқушы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Білікті ұстаз- тәрбиелі оқушы

Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №124 жалпы орта білім беретін мектебінің білікті маманы Турсынбаева Шәкизат "Білім беру ісінің үздігі ~ 2020" атты республикалық байқауына қатысып жүзден жүйрік болып 1 дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапатталды. Ұстаздық жолында бұдан да биік асуларды алатынына сенім мол. "Үкілеп үміт етіп білім нәрімен сусындатып, тәрбие беріп отырған шәкірттердің арқасында жеткен жетістіктердің бірі... Мен өз ұжымымен және шәкірттеріммен мақтанамын. Сол ұжымды басқарып, әрбір мұғалімге қолдау көрсетіп отырған Баян Зарифханқызына алғыс айтамын. Шәкірттерім тәртіпті әрі тәрибелі. Олар алдағы уақытта қол жеткізетін биіктер көп дер едім" дейді мақтаулы ұстаз. Біліммен қатар тәрбиемен де сусындатып отырған ұстаз оқушыларының жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренетініне бек сенімді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген сынып сағататтарын, тәрбие сағаттарын да өткізіп келеді. Соның арқасында оқушылары тәртіпсіз атанған емес.