Үздік нәтиже
Шымкент қаласы блім басқармасына қарасты, Абай ауданы №49 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Усманова Бахтыгүл Егембердиевна, әдістемелік орталықтың «Педагог мәртебесі туралы» заңына сәйкес, педагогтердің кәсіптік мәртебесін арттыру, қызметтерін маңыздандыру, іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырған "Үздік педагог-2020" атағын беру қалалық конкурсы кезеңіне қатысып, жүлделі III орынды иеленіп отыр. Шәкірттеріне саналы тәрбие мен сапалы білім беруде биіктен көрініп жүрген ұстаздың еңбегі еленді. Білімнен де бұрын тәрбиенің маңызды екенін терең ұғынған ұстаз ұдайы тәрбие сағаттарын өткізіп келеді. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін тәрбиелік маңызы зор байқаулар, насихат жұмыстарын да ұйымдастырған. Енді осы бағыттағы еңбегі еленіп, ескеріліп отыр.
Үздік нәтиже
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode