Тәрбие негізі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры Г.О.Оралбекова 1-11сынып ата-аналарына "ZOOM" платформасы арқылы жиналыс өткізді. Күн тәртібінде ҰБТ-ке дайындық барысы, Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, Оқушылар мен ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілерін болдырмау, Жаздық демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі туралы мәселелер қаралды. Жазғы демалыс уақытында балаларды қараусыз қалдырмау, теріс жолдан сақтандыру жайы да айтылды. Жаман қылықтан ада жасөспірім теріс жолға түспейтінін баса айтқан ұстаздар ата-аналарға барынша абай болуын ескертті. Ертеңгі болашағымыз жастарға терең берілген тәрбие өмірінің өзегі болатыны жайы айтылды.
Тәрбие негізі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode