Ынталандыратын байқау

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ынталандыратын байқау

Шымкент Фест фестиваль аясында «Балалар көзімен-Шымкент» онлайн суретшілер байқауы ұйымдастырылуда. Аталған байқауда бақ сынауға белсене тілек білдірген үміткерлер қатары басым. Жас суретшілер аталған байқауға өздерінің үздік деген жұмыстарын ұсынып отыр. Әділқазылар алқасына да оңайға соқпасы анық.  Жас үміткерлері Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының 8 -сынып оқушылары Ерсұлтан Адина, Алиманың салған суреттері кереметтігімен көрермен көзайымына айналуда. Әлеуметтік желі арқалы оқырман назарына ұсынылған дүниелер расында оқушылардың талантты екенін дәлелдеп тұрғандай. Сүйікті қаламыз Шымкенттің бейнесін қағазға түсірген өнерлі өрендерге сәттілік тілеушілер көп. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін бос уақытты тиімді өткізетін осындай байқауларды көптеп өткізу қажет деп есептейді ұйымдастырушылар.