Бастаңғының мәні
Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы "Дәстүр дәрістері" айдарында бастаңғы дәстүрін жаңғыртты. Отбасы құндылығын насихаттауда асығы алшы орталықтың атқарып отырған шаруасы расында ауқымды. Ұлттық салт дәстүрлеріміз арқылы жастардың отбасы бірлігін, отбасы құндылығын сақтап қалуына септігімізді тигізсек дейді орталық мамандары. Бүгінгі айдарда бастаңғы дәстүрі жайлы кеңірек толғады. Халқымыз ырым-тыйымға ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, «қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын», - деп қыз баланың тәрбиесін жіті назарда ұстаған. Дегенмен арасында жастардың сауық кешіне қатысып, ойын ойнауына ата-аналар өздері келісім берген. Сондайда ұйымдастырылатын дәстүрлі құндылығымыз – бастаңғы. Бастаңғы – отбасы мүшелері, үлкендер алысқа сапарлағанда немесе қонаққа кеткенде орындалатын жиын.
Бастаңғының мәні
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode