Ел келешегінің кемелдігін аңғартады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ел келешегінің кемелдігін аңғартады

«Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы, үлкен, орта және кіші баланың психологиясы, олардың жеке атқаратын рөлінің маңыздылығын түсіндірсе, «ABRIS» тренинг орталығының директоры Мергенбай Ақан жас отбасыларға не себепті ажырасу қаупі төнетіндігі және сол кемшіліктердің қалай алдын алуға болатындығы жөнінде айтып өтті. «Отбасы күні» мерекесінің маңызын насихаттау, отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуді мақсат еткен жиында жаңадан шаңырақ көтерген 6 жас отбасыға неке куәлігі табыс етілді. Кез келген ұлт өзінің діні, ділі мен салт-дәстүрін дәріптеумен құнды. Іс-шара барысында айтыскер ақын, шымкенттік «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов отбасы құндылығы тақырыбында өз ойын ортаға салды. Отбасы құндылығын сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғау - ел келешегінің кемелдігін аңғартады. Айтыскер ақын отбасы құндылығына жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды ойлар айтты. Мерекелік жиында жаңадан шаңырақ көтерген 5 жас отбасыға АХАЖ қызметкерлері неке куәлігін табыс етті. Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.