Бастамаларды жүзеге асыратын орталық

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бастамаларды жүзеге асыратын орталық

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы – қала жастарына жан-жақты қолдау білдіріп, олардың бастамаларын жүзеге асыруға көмектесетін орталық. Мекеме қабырғасында 15-тен аса түрлі бағыттарда үйірмелер жұмыс жасайды. Яғни, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі, пікір-сайыс және журналистер клубы мен сән мен сахнаға баулитын өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ ресурстық орталықта 600 орынға шақталған үлкен зал бар. Мұнда жастарға қажетті іс-шаралар мен жиындар өтеді. Өзінің үздік идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға ниетті жастар үшін Жастар ресурстық орталығы қолдау білдіріп, оларға жаңа мүмкіндіктерді ұсынып келеді. Жас отбасыларға қолдау білдіру де орталықтың басты ұстындарының бірі. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы олардың жат әдеттерден сақтануға септігін тигізеді, яғни, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда нәтиже бермек дейді салаға жауаптылар.