Биіктерден көрініп жүр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Биіктерден көрініп жүр

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 124 жалпы орта білім беретін мектебінің дарынды оқушыларынан "Serpin" білім және инновация ұлттық палатасы ұйымдастырған "BILGEN BAIGE" ұлттық білім сайысына 127-сі қатысты. Олардан бірінші кезеңге 116 , екінші кезеңге 37, үшінші кезеңге 33, төртінші кезеңге 30 оқушы өтіп, оның 24 -і жүлделі орындар алды. 2 оқушы - "Кемеңгер", 17 оқушы - "Білімді", 5 оқушы - "Ақылды" атағын алып, медаль және дипломдармен марапатталды. Аталмыш мектеп оқушылары әрдайым жетістіктерімен қуантып келеді. Білім  беруден бөлек жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында да жоспарлы жұмыстар атқарылады. Соның арқасында мектеп оқушылары жат әдеттерден бойын аулақ ұстайды.