ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ


Республикалық «Үздік сабақ - 2020» онлайн байқауында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова жеңімпаз атанды.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатысқан.
Екі айға созылған байқауда тіл үйренушілердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға арналған деңгей талаптарына сай тапсырмалар беріліп, үздік деп танылған 8 жұмыс межеге шыққан. Нәтижесінде Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова бас жүлдені иеленді.
Айсұлу Тойшыбекқызы орталықта 2009 жылдан бері қазақ тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда латын әліпбиінің түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген білікті маман. Бүгінде гендерлік саясаттың арқасында көптеген нәзікжандыларымыздың арасында білікті де білімді ханымдар көбейіп келеді.