Ұлттық құндылықтың қайнар көзі
Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Сондықтан да Шымкенттегі Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы ұлттық ойындарды онлайн дәріптеуде. Ол үшін көне замандардан тіні үзілмей келе жатқан ұлттық ойындарымыздың ережелерін насихаттауда. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары жоғары дейді мамандар. Оның ішінде қазақша күрес, Қыз қуу, Асық ату, Тоғызқұмалақ, Көкпар, Арқан тарту, Аламан бәйге, Аударыспақ, Теңге алу, Жамбы ату сынды ер жігіттің мергендік, ептілік қабілетін сыннан өткізетін, намысын жанитын ежелгі ойындардың барлығын дәріптеуде. Отбасылық құндылық ұлттық құндылықтың қайнар көзі. Сондықтан да құндылықтарды құрметтеп өскен баланың болашағы жарқын дейді мамандар.
Ұлттық құндылықтың қайнар көзі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode