Нәзікжандылар көп қызмет ететін сала
Шымкент қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ұлжан Исабаева мен аппараттың бас маманы Ақжарқын Биғазиеваның да есім-сойлары биліктегі бикештер тізімін жалғастырады. Қалалық мәслихат депутаттарының ішінде өзге этнос өкілдері де бар. Мәселен, Ирина Болдинова. «Нұрсәт», «Қайтпас-1», «Таскен», «Қаражол» тұрғын алаптары кіретін №15 сайлау округінен сайланған халық қалаулысы өзінің депутаттық мандатын абыроймен алып жүр. Бұлардан бөлек қаламыздағы білім ошақтарының басшылығында көбіне-көп – әйел азаматтар. Шымкент қаласында 129 мектеп бар. Шаһар бойынша 15 мыңнан астам мұғалім қызмет атқарады. Соның 82 %-ы – апайлар. Колледждер мен мектептердің басшылығында да талай жылдан бері еңбек етіп келе жатқан директор апайлар көп. Гендерлік саясаттың жемісі десек болар.
Шымкент келбеті
Нәзікжандылар көп қызмет ететін сала
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode