Білім саласының білгірі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Білім саласының білгірі

 

Өңірімізде биліктегі бикештер тізімін басқарма басшылары да толықтырады. Осы орайда Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваны айтпай кетуге болмас. Ол тәжірибелі педагог, ол кісі білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек етіп келеді.  Жанат ханымның қызметтегі мұқияттылығы, іскерлігі өзі басшылық еткен уақыт аралығында жан-жақты танылды. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында бүгінде білім саласының ауыр көшін алға сүйреп келеді. Биылғы оқу жылы да қашықтықтан басталмақ. Осыған орай, Жанат ханымның жұмысы екі есеге ауырлады десек артық айтқандық болмас. Оқушыларды кітаппен, компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары оңай шаруа емес. Оның үстіне оқушы саны да артып келеді. Үш ауысымдық мектептер мәселесін шешу де нәзікжанды басшыға оңайға соқпасы анық.