Бірнеше мансапты қатар алып жүр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бірнеше мансапты қатар алып жүр

Қазақ әйелдеріне деген құрмет тек отбасы, ошақ қасы төңірегінде ұйысқан десек, қателік болар еді. Қазірдің өзінде әйелдер саясат, билікке ұмтылып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте де әйелдер белсенді. Шымкентте билік басында қызмет ететін бикештер баршылық. Гүлнәр Құрманбекова - Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері сияқты бірнеше мансапты қатар алып жүр. Гендерлік саясатқа көрік беріп жүрген мықты маман. Жас кезінен қызметке ерте араласқан Гүлнәр ханым ата-енесінің де көңілінен шығып, отағасы мен бала-шағасының да бабын тапқан. Ауылдың қайнаған қызу тіршілігі мен жұмыстың жауапкершілігін бірдей алып жүру арқылы өмір оны шыңдай түскен. От та жаққан, самаурын да қайнатқан, сиырды да сауған. Гүлнәр ханымның еңбекқорлығы, қызметтегі жауаптылығы мен табандылығы, өмірсүйгіштік қасиеттерінен бүгінгі қыз-келіншектер үлгі алса игі. Гүлнәр ханым жолдасы Қалдыбай екеуі 2 ұл тәрбиелеп, немере сүйіп отырған бақытты жандар. 

Шымкент келбеті