Көне дәстүр – отбасы тіреуі
Шымкенттегі Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлерін жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Онлайн дәрістердің бірі – Сүйек жаңғырту салты. Бұрындары құдандалы болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны "сүйек жаңғырту" дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. Ұзақ уақыттан құдалығы жалғасқан немесе көне құдаларды "Сары сүйек құдалар" дейді. Сүйек жаңғырту дегеніміз ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Сүйек жаңғырту негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты ана (шеше) жағынан бауырларды қайта жақындату мен қосуға арналған салт. Мақсаты – өзі танып-білетін елден келін алып, текті ұрпақ жалғастыру. Сүйек жаңғырту дәстүрінің басты құндылығы рулық ерекшеліктерді ескеру болмақ. Қазақ елінің «Сүйек жаңғырту» дәстүрінің берері: Екі әулеттің ортасын қайта жалғастырып, алысты жақындататын ерекше салт-дәстүріміздің жоғалмауы. Жақсыны жатқа бермей, текті елден қыз алу арқылы текті ұрпақ болашағын ойлау дәстүрінің астарында үлкен мән бар. Болашақ ұрпақты береке-бірлікке, татулыққа шақыратын дәстүрдің бұл түрі қазақ елінің әрбір салт-дәстүрінің барлығы мән-мағынаға толы екендігін айғақтайды. Отбасы құндылықтарын дәріптеу көне дәстүрді тірілтуде жатса керек.
Көне дәстүр – отбасы тіреуі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode