«Бәйтерек» клубы жұмыс істейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

«Бәйтерек» клубы жұмыс істейді

Шымкенттегі Жаңа технологиялар колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Жасұлан Ілиясов қоғамды алаңдатқан жасөсіпірімдер тәрбиесі төңірегінде төмендегідей пікірін білдірді. «Біз жасөспірімдердің өтпелі кезең жасындағы мінез-құлқына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені, бұл ауыспалы кезеңде бой жетіп немесе ер жеткен жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасы да өзгеріске ұшырап жатады. Соның әсерінен жеткіншектер қылмыстық әрекеттерге немесе теріс діни ағымдардың жетегіне ілесуі ғажап емес. Біздің колледже жастар арасындағы қылмыстарды алдын алып, олардың тәртібін қадағалау мақсатында «Бәйтерек» клубы жұмыс істейді. Клуб мамандарының ұйымдастыруымен колледжімізде құқық саласының мамандары, заңгерлер, ата-аналар, теологтармен бірігіп тұрақты жиындар өткізіп тұрады. Мұндай іс-шаралардың пайдасы өте мол. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бізде биыл жасөсіпірімдер арасында ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ, – дейді Ж. Ілиясов.

Шымкент келбеті