Арулар араласпаған сала кемде-кем

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Арулар араласпаған сала кемде-кем

 «Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім» деген екен атақты колумб жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес. Иә, әйелдер қазір бизнеске де білек түріп кірісіп кетті. Шымкентте кәсіпкер әйелдердің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған Іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Аталған Кеңес төрайымы – Алма Архабаева ханым. «Бұл кеңес – жұмыс органы, іскер әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін арнайы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда біздің кеңесте жетістікке жеткен 120 кәсіпкер әйел бар», – дейді Алма Нұралықызы. «Атамекен» Ұлттық палатасының мәліметіне сәйкес, жалпы, Қазақстанда 15 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобалары болса, солардың 40 пайызын қыз-келіншектер басқарады екен. Соңғы 3 жылда қыз-келіншектер қатысқан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 26 пайызға артса, әйелдер ашқан компаниялар 28 пайызға дейін өскен. Алма Архабаева Оңтүстікте тек ІӘК-нің басшысы ретінде ғана емес, «Асыл арман» компаниясының бас директоры ретінде де танымал. Бизнесте жүргеніне 20 жылдай болған Алма Құралқызының айтуынша, қыз-келіншектерге бизнесті бастау үшін сенім жетіспейді. ІӘК осы бағытта жүйелі жұмыстар атқаруда. Нақты айтар болсақ, «Әйел және бизнес», «Бизнес толеранттылықты таңдайды» дегендей бизнес-конференциялар, форумдарды дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Шымкент келбеті