Биліктегі һәм бизнестегі беталысына ұдайы тілектес

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Биліктегі һәм бизнестегі беталысына ұдайы тілектес

Мәслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлива да көпшілікке танымал. Неше жылдан бері кілең ер азаматтармен иық тірестіріп, билікте де, бизнесте де белсеніп қызмет атқарып келеді. Әріптестері ол туралы «бір өзі он ер адамға татитын депутат» деп әзілдейді. Халық қалаулысы ретінде көтерген мәселелері көп. Сондықтан билік басындағылар оған «Нұр Отан» партиясының ана мен отбасын қолдау жұмыстарының кураторы, «Саясаткер әйелдер» клубының төрайымы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған аналар кеңесінің төрайымы қызметтерін сеніп тапсырды. Рәшкүл Жәлелқызы – «Береке-А» корпорациясының президенті. Осыдан бірер жыл бұрын адуынды журналист Бақтияр Тайжан ағамыз «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде «Береке-А» – қайырымдылықтың досы» деген тақырыппен мақала жариялап еді. Расында, аталған мекеме көптеген сауапты істің басы-қасынан табылып, қаншама адамға қаржылай қолдау көрсетіп жүр. Шымкенттің ақжарма халқы Рәшкүл қыздарының биліктегі һәм бизнестегі беталысына ұдайы тілектес. 

Шымкент келбеті