Отбасы құндылығын дәріптейді
Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы әлеуметтік желілерде ұлттық дәстүрлерімізді онлайн дәріптеп келеді. “Ғибратты ғұрыптар” айдарының алғашқы бастамасы Бесікке салу дәстүрі көрермендерге жол тартпақ. Қазақ қоғамында сонау ықылым замандарда бесікке бөлеу және бесік жырын айту сынды дәстүрлердің болғанына дәлелдер көп. «Еңлік-Кебек» жырында бесік құда туралы, Қобыланды жырында "Алтыннан бесік қойдырып, ақ торғынға бөлеген" деп жазылған. Бұдан өзге Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясында:
Қорқытпа менің баламды,
Гулей соққан ақ боран.
Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған, — деп басталатын бесік жырын кездестіруге болады. Мұның барлығы қазақ қоғамының қай кезде де баланы бесікке бөлегенін көрсетеді. Бұдан өзге де бесіктің түп-тамыры тереңде жатқанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп. Оқырманға ой тастап, көне дәстүрді дәріптеген орталық мамандары мұндай дәрістердің алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. Ұлттық дәстүрдің қайсы болмасын отбасы беріктігін, отбасы құндылығын беріктейтініне күмән жоқ.
Отбасы құндылығын дәріптейді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode