Нақты іс-шаралар жүзеге асып жатыр
Шымкент қалалық білім бөлімі, Жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысын дамыту секторының бас маманы Сәуле Сапарбекованың айтуынша, бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда қала мектептерінде нақты іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Әсіресе, білім шаңырақтарына орнатылған бейнекамералардың тиімділігі өз нәтижесін беруде. «Қылмыстың санын азайтуда мектептердегі бейнекамералар үлкен көмегін тигізіп отыр. Қазір қаладағы 102 мектепте 6-дан 14-ке дейін бейнекамералар орнатылған. Ол камералар оқушылар жиі шоғырланатын жерге, кіребестерге қойылған. Бейнебақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен инспектор арнайы бақылап отырады. Бұл қондырғылар орнатылғалы бері қылмыс саны азайып, тиісінше тәртіп бұзу оқиғалары төмендеді», – дейді С. Сапарбекова. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында көптеген іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Нақты іс-шаралар жүзеге асып жатыр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode