Дәстүрді дәріптеп жүреді
Көненің көзі қарияларымыз жастарға ұлттық салт дәстүрлерімізді дәріптеп, құлағына құюды өздерінің парыздары санайды. Шымкенттік батыр ана Аязгүл Батпанова 6 келін түсірген, немере шөберелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже. Келіндерін ене мектебінен мықтап өткізген. Отбасы құндылығын дәріптеп, жүрген жерінде жастарға насихаттап жүремін дейді әжей. Екі жастың бақытты болуы үшін үлкендер көптеп көмектеуіміз қажет. Оларға отбасының берік болуы үшін барынша үгіт насихат айтуымыз керек» деп санайды. Сондай-ақ ұлттық салт дәстүрлеріміздің барлығы да отбасы құндылығын дәріптейтін тұнып тұрған кітап дейді қария. Соның бірі сырға салу дәстүрін әңгімелеп берді. «Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларынан бұрын жасалатын дәстүр. Айттырылған қыз қалыңдық атанып, сол сәттен бастап өзін жат жұрттық сезінеді. Сырға салу – қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі. Бұрын ата-аналар ұлдарына келінді өздері таңдайтын болған. Ұлына лайықты жар болатын қызды тапқан кезде, оның отбасына бір адамды өкіл қылып жіберген немесе қыз көруге арнайы өзі барған. Қызды айттыруға келген тарап үкі тағу, сырға салу сынды жоралғыларды жасасқан. Екі жақ сөз байласып, құдалық туралы уәделескен соң, бірте-бірте қалыңмалы төленеді. Айттырылған қыз "қалыңдық" атанады. Осы сәттен бастап қыздың ағайын-туысқаны оның киім киісіне, жүріс-тұрысына, тәртібіне баса назар аударған. Үлкендер жағы айттырылған қыздың құлағына келіндік міндеттерді сіңіре берген. Қазақта бесікте жатқан балаларды да атастырып қоятын салт бар. Әсіресе, бір-бірімен жақын араласатын достар "сізден қыз, бізден ұл туса, құда боламыз" деп уағдаласқан. Салтымызда мұны "бесік құда" деп атайды».
Дәстүрді дәріптеп жүреді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode